29 шілде 2018 18:17

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатыр? Қыздың қорғаушысы мән-жайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай. Әлеуметтік желіден алынған сурет Ақжарқын Тұрлыбай. Әлеуметтік желіден алынған сурет

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот кеңес бөлмесіне кетті. Бұл туралы қазақстандықтың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот кеңес бөлмесіне кетті. Бұл туралы қазақстандықтың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің 17-20.07 аралығындағы Бейжіңге сапарым бірінші кезекте А.Тұрлыбайдың жағдайымен байланысты болды. Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қазір не болып жатыр? Айтайын, қазір іс үкімді жариялау сатысында тұр. Сот (жаңа құрамдағы) осыдан кейін оны жариялау үшін кеңес бөлмесіне кетті. А.Тұрлыбайдың жағдайы бұрынғыдай, қанағаттанарлық", - деп жазды Нұрмағамбетов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. 

Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жылдан бері күтіп отыр. Маусымда қазақстандық дипломаттар Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети