19 мамыр 2016 17:08

Қытайдың 150 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда ҚХР азаматы шетел азаматтарын жұмысқа шақыратын компания ашқан, солайша 150 шетелдік келіп, жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық авиациялық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Қазақстанда ҚХР азаматы шетел азаматтарын жұмысқа шақыратын компания ашқан, солайша 150 шетелдік келіп, жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық авиациялық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Қытай азаматы Джен Ренне Қазақстанға "Тұлпар Инвест Плюс" ЖШС-ның шақыртуымен келіпті. Компания ақшалай сыйақы үшін оған виза алуға және Алматының көші-қон полициясы органында тіркелуіне көмектескен.

Тексеріс барысында ер адамның ЖШС-ға ешқандай да қызмет көрсетпегені, кейін өз кәсібін ашқаны анықталды. Ол Алматы облысында құрылыс материалдарын дайындайтын "Канас Индустрия ЖШС компаниясын тіркеген, компанияның 80 пайыз үлесі өзіне тиесілі болған. Чжен құқықбұзушылық жасау бойынша айыпты деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың мамырынан бастап 2016 жылдың ақпанына дейін компанияның ҚХР-дың 150-ден аса азаматын заңсыз әкелгені анықталды. Осы дерек бойынша құзырлы тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігінде ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети