Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытайдың инвесторлары Назарбаевқа мақтау сөз айтты

31 Тамыз 2015, 12:16
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қытайға мемлекеттік сапарында ҚХР корпорацияларының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа мақтау сөз айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Президент мырза, Сізді көргенімізге қуаныштымыз. Сымбатыңызға қуаныштымыз", - деді "CITIC Group" корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнмин. Бұл сөздерді Президент пен қазақстандық делегациясының мүшелері күліп қабылдады.

Алайда кездесуде маңызды мәселелер талқыланды. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды. 

"Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған дейін "Бәйтерек" холдингімен мен Қытайдың "CITIC Group" мемлекеттік инвестициялық корпорациясының Kazakhstan Infrastructure Fund дамуы мен бірігіп қатысуға келісім жасасқаны хабарланған еді, оның мақсатты капитализациясы 600 миллион доллар болады. Ол инфрақұрылым жобаларын инвестициялайды. Келісімнің шарттары бойынша, кем дегенде 300 миллион доллар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмсалуы қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы CNPC корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті.

Компанияның мұнай-газ нарығына қатысуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі. Сіздің корпорация көмірсутегін өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істейді. Биылдан бастап CNPC-дің Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіруінің де маңызы бар. Қашаған кеніші игеріліп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылуда. Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтары кешені, "Бейнеу-Бозой" газ құбыры салынуда. Бұл жобалар зор маңызға ие және бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріміздің арқауы болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал бұдан кейін Назарбаев "Цинхуа" корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесті. Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев "Цинхуа" корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты. "Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше, 30 маусымла мемлекеттік сапармен Қытайға барған еді. Елбасы Қытай Халық Республикасында 3 қыркүйекке дейін болады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай