17 сәуір 2016 11:42

Қыздың "эротикалық" мүсіні Ақтөбеде де табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Facebook қолданушысы Мария Моисеенкова Ақтөбеде "эротикалық" мүсінді көріп, оның суретін Ақтөбе-Online тобына жүктеді.


Facebook қолданушысы Мария Моисеенкова Ақтөбеде "эротикалық" мүсінді көріп, оның суретін Ақтөбе-Online тобына жүктеді.

"Бізде де "ерсі" мүсіндер бар, бірақ оны Астанада орамалмен жапқандай ешкім жаппайды. Қыздың кеудесі дымқыл киімнен ерекше көрініп, бөксесі де анық байқалып тұр. Ай-яй-яй", - деп жазды ол суреттердің астына.

© facebook

Суретке пікір қалдырғандар белгісіз мүсіншінің туындысын қолдай бастады. "Мүсін қалыпты. Әдемі, тұлғасы сымбатты. Бірақ кейде одан да асқан түпнұсқаларды көресің... Ұялу туралы әңгіме жоқ", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Өте әдемі, ешқандай әдепсіздікті көріп тұрған жоқпын...", - деп екіншісі де келісті.

"Туындыдан эротикалық көріністі тапқан адам (Астанада), өзі де сондай адам болса керек", - деді үшінші пікір қалдырушы.

Еске сала кетейік, Қазнетте Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" мүсіні үлкен дау туғызды. Астана тұрғыны дауға айналған мүсінді орамалмен жапқан болатын, ол композицияны алып тастасын немесе оны қайтадан киіндіріп қойсын деген болатын.

Кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көркемдік кеңестің даулы мүсінен ешқандай ереже бұзушылықты таппағанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети