Қызметкер іздейміз! ERG ерекше жоба бастады

01 Тамыз, 11:23
0
Қызметкер іздейміз! ERG ерекше жоба бастады -

Қазақстандықтарда жақсы мүмкіндік туып тұр. Себебі кез келген азамат еліміздегі ең ірі компанияның бірі Eurasian Resources Group-та жұмыс істей алады.

Бұл - өз күшіне сенімді, әрдайым дамып отырғысы келетіндерге таптырмас мүмкіндік.

Tengrinews.kz порталындағы басты беттің жоғары жағында "Қызметкер іздейміз" (Требуются сотрудники) белгішесі бар. Сол арқылы вакансиялар сайтына өтіп, жұмысқа орналасуға өтінім қалдыруға болады.

job.erg.kz порталында 17 кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің вакансиялары орналастырылған. Соның ішінде ТОО "Евразийская Группа" және "ERG-дің ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы" да бар.

Вакансияларға іріктеуді онлайн өтуге болады. Ол екі турдан тұрады: видеосұхбат және кәсіби құзірет тесті.

Сайтта әр вакансия бойынша толық статистика жарияланып отырады: келіп түскен түйіндемелер саны, әр турдан өткендер саны және іріктеу нәтижесі. Бұл іріктеудің ашық өтуі үшін жасалған.

Өз кандидатураңызды ұсыну өте оңай: үміткер электронды пошта арқылы сайтқа тіркеліп, жеке мәліметтері мен түйіндемесін жүктеуі керек. Әр кезеңде кандидаттарға менеджерлер көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп отырады.

Tengrinews.kz порталы үміткерлердің job.erg.kz порталы көмегімен қалай жұмыс тапқанын баяндап отырады. Мүмкіндігіңізден айырылып қалмаңыз - job.erg.kz порталына кіріңіз!

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай