31 шілде 2019 13:50

Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеуніктер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында өкілетті орган қызметкерлері мемлекет меншігіндегі автокөліктерді жеке мақсатқа пайдаланған бірнеше басшыны жауапқа тартты деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар"


Ақтөбе облысында өкілетті орган қызметкерлері мемлекет меншігіндегі автокөліктерді жеке мақсатқа пайдаланған бірнеше басшыны жауапқа тартты деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар"

"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2030 әскери бөлімі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиесілі нөмірі бар автокөліктердің "Жайсан" және "Әлімбет" шекара бекеттерінен өтуіне қатысты мониторинг жүргізді. Нәтижесінде жеке мақсатта пайдаланудың 4 дерегі анықталды.

"Бақылау кезінде Қарғалы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мекемесіне қарасты "Бадамша-сервис" КМК директоры қызметтік автокөлігімен "Әлімбет" шекара бекетін 6 рет кесіп өткен. Сонымен қатар "Табыс Ақтөбе" ЖШС, "Қазавтожол" ҰҚ АҚ облыстық филиалы және "Мұғалжар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-не қарасты қызметтік автокөліктер "Әлімбет" және "Жайсан" шекара бекеттерін бірнеше рет кесіп өткен", - делінген "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қызметтік көлікті жеке мақсатқа қолданған жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Жаба мамандары аталған шараның тұрақты түрде жалғасын табатынын және құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар заңнамамен көзделген жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети