10 қыркүйек 2014 16:44

Қызылағаш бөгетін тұрғызуға қажет қаржы биыл бөлінуі тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

©voxpopuli.kz ©voxpopuli.kz

Қызылағаш бөгетін қалпына келтіруге қажетті қаражат осы жылдың соңына дейін бөлінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты. Еске салайық, бөгет 2010 жылғы су тасқыны кезінде бұзылған болатын.


Қызылағаш бөгетін қалпына келтіруге қажетті қаражат осы жылдың соңына дейін бөлінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты. Еске салайық, бөгет 2010 жылғы су тасқыны кезінде бұзылған болатын.

Министр қаражат бөлу мәселесі республикалық бюджет комиссиясында шешілетінін айтты. "Бұл оқиға болғаннан кейін "Қазақсушаруашылығы" РМК өз есебінен жобалық-сметалық құжаттама жасай бастады. Қазір ол дайын. Біз биыл қолданыстағы бағдарламаларды қайта қозғау есебінен құрылысты бастауды қарастырып көреміз. Бұл мүмкін болады деп ойлаймын. Алматы облысы әкімдігімен келістік, олар бұл мәселені республикалық бюджет комиссиясында көтеретін болады", - деді Мамытбеков.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бөгетті 2016 жылы қалпына келтіруге болатынын айтады. "Қызылағаш бөгетін қалпына келтіруге бес миллиардтан астам теңге қажет. Егер республикалық қазына көмектессе, штаб плотинаны қалпына келтіруді, 7600 гектар жерді суаруды ұйымдастыра алады. Суару желілерін қалпына келтіруге тағы төрт миллиард теңге қажет. Бұған қоса, бизнесмендерді қант зауытын салуға тартуға болады. 2015-2016 жылдар ішінде алқапта су болады деп жоспарлаймын. Бұл менің мәселем, мен оның жылдам қолға алынғанын қалаймын", - деді әкім.

Еске салайық, 2010 жылдың 12 наурызында бөгет жарылғандықтан, Алматы облысындағы Қызылағаш ауылы түгел қирап қалған еді. 45 адам қайтыс болды. Кейін ауыл қалпына келтірілді. 2012 жылы Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Марайым плотинаның 2014 жылы қалпына келтірілетінін айтқан еді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети