02 наурыз 2017 11:28

Қызылорда әкімі мектеп директорларына онлайн-тестілеуден өтуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласына енгізілген жаңа реформаға байланысты білім қызметкерлерімен кеңейтілген мәжілісте мектеп директорларына онлайн-тестілеуден өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласына енгізілген жаңа реформаға байланысты білім қызметкерлерімен кеңейтілген мәжілісте мектеп директорларына онлайн-тестілеуден өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте қала басшысы мектеп директорларынан әр баланы өз баласындай көруді талап ете отырып, өздерін бір мезетте орталықтандырылған түрде онлайн тестілеуден өткізуді сұрады.

Сонымен қатар, жыл сайын төмен нәтиже көрсеткен негізгі пән мұғалімдері арасында пәндік олимпиада ұйымдастыруды, олимпиада жеңімпаздарын көтермелеуді ұсынды. "Басты мақсат - сан арқылы рейтинг қуалау емес, сапалы біліммен түлектер өмірінде баянды болашақты қалыптастыру", - деді ол.

Еске салайық, биылдан бастап мектеп бітірушілер екі кезеңнен тұратын сынақтан өтеді. Біріншісі - қорытынды аттестаттау - барлық бітірушілер үшін мектептің базасында өткізіледі. Екіншісі - ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген талапкерлерге арналған.

Елбасының 2017 жылдан бастап мектеп бітірушілердің әрқайсының тегін кәсіптік-техникалық білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы негізінде қала басшысы түлектердің биылдан бастап университеттер мен колледждерде білім алуы толықтай қамтылуы қажет екенін айтты.

Айта кетейік, биыл жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып бітірушілері 29 мамыр мен 9 маусым аралығында қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан, оның ішінде біреуін таңдау пәні бойынша тапсырады.

Тестілеу 3 міндетті пәннен және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді екі пәннен тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети