30 қараша 2017 14:07

Қызылорда әкімі "Нұр Отан" партиясын 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы партия мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы партия мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ең алдымен баршаңызды 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы, еңселі ел атануы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Елбасына сенім артып, бір жұдырықтай жұмылған дархан халқымыздың ақ-адал ниеті мен пейілінің арқасында біздің мемлекетіміз ғасырға тең жолдан өтіп, жер-жаһанға танылды, зор табыстарға жетті.

Міне, осы жолда ынтымақ пен бірлікті ту етіп, елдік мұрат жолында талайдың бағытын бір арнаға тоғыстыра білген Елбасымыздың өзі жетекшілік ететін "Нұр Отан" партиясының орны да ерекше.

Біз, нұротандықтар Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының артуына қызмет ету міндетіміз.

Халықтың жоғары сеніміне ие болу - партия қызметіне берілетін ең жоғары баға", - деді Нәлібаев. Сонымен қатар, қала әкімі партия мүшелерін халықтық сұранысты қанағаттандыру мақсатында жұмыла жұмыс атқаруға шақырды.

Мерекелік жиын барысында партия қатарына алғаш қабылданған бірқатар азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер табыстап, партия жүктеген мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы еңбегі және белсенділігі үшін түрлі сала мамандарын "Алғыс" хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара соңында партия белсенділерімен еркін пікір алмасып, марапат иелерімен естелік суретке түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети