ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2019 | 20:34
Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәслихат депутаттары алдында есеп берді
Қызылордалық халық қалаулылары қала әкімінің жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордалық халық қалаулылары қала әкімінің жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңір экономикасының даму динамикасы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.
Соңғы жылдары қаланың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар, жаңа көшелер пайда болып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артуда.
Жыл басында қала бюджеті 43 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, 6 айдың қорытындысымен 70 млрд. теңгеден асқан. Яғни, бюджет көлемі жыл басынан бері 62,5 пайызға ұлғайған.
Өз кезегінде, қала бюджетінің 2019 жылдың 6 айына кірістер болжамы 30,8 млрд. теңгеге жоспарланса, нақты түсім 31 млрд. теңгені құрап, 100,8 пайызға орындалған.
Оның ішінде өз кірістері болжанған 7,9 млрд. теңгенің орнына 8,1 млрд. теңгеге немесе 102 пайызға орындалған.
Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 372 млрд. теңгенің, өңдеу өнеркәсібі саласында 18 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Қызылорда қаласы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін өткен жылмен салыстырғанда 50,5 пайызға арттыруға қол жеткізіп, 58,7 млрд. теңге инвестиция тартылған.
Облысқа салынған инвестицияның 32,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Өңірдегі жаппай кәсіпкерлік дамытудың үш жылдығы аясында, қаланың бизнес климаты жақсарып, оң өзгерістер қалыптасты.
Оның дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 50,8 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі.
"2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамытудың" мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген 67,8 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске қосылғанда 1 мың 190 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
"Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік Жол картасы" аясында ағымдағы жылы құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын 249 жоба іске қосылып, 278 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Ағымдағы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,3 млрд. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құраған.
Соңғы 5 жылда қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 27 млрд. теңге қаржы тартылған.
Қызылорда қаласында үстіміздегі жылы 75,4 шақырымды құрайтын 176 көшеге күрделі, орташа, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Қала орталығындағы жаңа көпірден бастап "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолына дейінгі аралықты жалғайтын және Сырдария өзенін жағалай орналасатын 2 магистралды көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласының жол құрылысын дамытуға жалпы 25 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды, 600 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті.
Магистральды жылу желілерінің 60 пайыздан астамы қайта жаңартылған.
Қызылорда қаласын және қалаға қарасты елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да жоғары қарқынмен жүргізілуде.
Бүгінгі күні қаланың газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жеткен.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласында ондаған шағын аудандар бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды.
Биыл да атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 22 млрд. 375.5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артқан.
Облыста жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 40 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Құрылыс саласындағы жұмыстардың ең ауқымдысы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты кредиттік тұрғын үйлердің құрылыстары жүргізілуде.
Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында Қызылорда қаласы басқа аймақтарға үлгі боларлықтай ауқымды және тың бастамамен ерекшеленіп отыр.
Нақты айтқанда, басқа өңірлерде теңдесі жоқ "Баламекен" жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Сонымен бірге, 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 133,1 пайызға артық.
Қазіргі таңда қалада 124,5 мың шаршы метр болатын 2 мың пәтерлік 43 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 350 пәтерлік 9 көпқабатты тұрғын үй және Сырдария өзенінің сол жағалауында 86 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда.
Халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған "ОРДА" аймақтық Жол картасымен 246 отбасын баспанамен қамтуға облыстық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен бөлінген 3,6 млрд.теңгеге 205 отбасын қамтитын 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы салынып, 226 дайын пәтер сатып алынады.
Қызылорда қаласында демографиялық өсім қалыптасып, қаланың көлемі ұлғайып, шекарасы кеңейген.
Сәйкесінше, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, арнайы Үкіметтің қаулысымен бекітілген.
Қала аумағы бұған дейін 11 мың гектарды құраса, бүгінде 20 мың 600 гектарға ұлғайтылды.
Бұл көрсеткіштерден бөлек өңірде білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту секілді басқа салаларда да жетістіктер жеткілікті.
Показать комментарии
Читайте также