17 тамыз 2017 10:48

Қызылорда қаласына жаңа 150 автобус келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорадада жаңа автобус паркі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорадада жаңа автобус паркі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласында замануи талапқа сай келетін жаңа үлгідегі автобус паркі ашылды. Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, қызылордалықтарды маңызды шарамен құттықтады. Құттықтау сөзінде аймақ басшысы бюджеттен қаржы бөлініп, алдағы уақытта автобус паркі орта сыйымдылықтағы 150 автокөлікпен толысатынын мәлімдеді. Бұл жаңа автокөліктер алынған жағдайда, қалаішілік 8 бағытты қамтумен қатар, қала тұрғындарына жұмыс орындарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жалпы ауданы 5 гектар жер құрайтын автобус паркі ДЕПОсы құрылысына облыстық бюджеттен 2 млрдтан аса қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "Комстроймонтаж" ЖШС-і жүргізді. Қазіргі таңда паркте барлығы 400-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жаңа автобус паркінде бақылау өткізу пункті, автокөлік жөндеу цехы, газ құю бекеті (АГНКС), көлік жуу мен диспетчерлік бекеттер орналасқан.

Газ құю бекеті (АГНКС) метан газ айдау насостарымен жабдықталып, бір мезгілде 8 автокөлікке қызмет көрсетеді. Газ толтырылған автокөлік көлік жуу бекетіне жол тартады. Көлік жуу бекетінде бір уақытта 6 автокөлікке қызмет жасалып, қоғамдық көліктердің сыртқы келбетімен мен іші тазаланады. Автомобиль жуу орнында пайдаланылған суды қазіргі заманға сай қайта сүзгіден өткізіп, қайта пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Күнделікті жұмыста жүрген автокөліктің техникалық жағдайы мен қозғалтқыш күшінің жұмысы текникалық тексеруден өткізіледі. Қажет болған жағдайда ТО1 және ТО2 жөндеу цехына жөнелтіледі. Қоғамдық көлікте ақау орын алмаған болса, автотұраққа қойылады. Автотұрақ 200 автобусқа лайықталған.

Қоғамдық көліктердің сапасын жақсарту мақсатындағы бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар аймақ басшысының тікелей бақылауына алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети