22 желтоқсан 2017 12:41

Қызылорда қаласында жыл басынан бері 5 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі © Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл жыл басында Қызылорда қаласының бюджеті 30 миллиард 831 миллион теңге болып бекітіліп, бүгінде 42 миллиард 914 миллион теңгені құрады. Оның ішінде кірістер 17 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биыл жыл басында Қызылорда қаласының бюджеті 30 миллиард 831 миллион теңге болып бекітіліп, бүгінде 42 миллиард 914 миллион теңгені құрады. Оның ішінде кірістер 17 миллиард теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, соңғы жылдары қаласы орталығы Қызылорда қаласында өңірімізді өркендету бағытында айтулы бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асып, қала тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті артып, экономикамыз қарқынды дамып жатыр.

"2017 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 557 миллиард 308 миллион теңгенің өнімдері өндірілді. Өңдеу өнеркәсіп саласында 33 миллиард 940 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға өсім қамтамасыз етілді. 2017 жылғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 87 миллиард 585 миллион теңгені құрады. Қалада салынған инвестицияның 46,1 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде", - дейді әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, мұның барлығы Елбасының жүргізіп отырған дана саясаты мен халықтың бірлігінің, өз туған Отанына деген шынайы жанашырлықпен қызмет етіп жүрген әрбір азаматтың табанды тірлігінің жемісі. 

"Біткен әр істің артында мыңдаған адамның еңбегі мен қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында атқарылған ауқымды істер істеп жатыр", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, биыл "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 3 миллиард 43 миллион 907 мың теңгеге 27 жоба бойынша 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті.

"Ағымдағы жылы, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 29 миллиард 837 миллион теңге, облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 47,3 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Яғни, биыл қаламызда барлығы 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 957 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 мың 14 пәтерлі 37 көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр", - деді Қызылорда әкімдігіндегілер.

Жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 904 миллион 100 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер қалада жол жөндеу жұмыстарының ең маңызды жобалардың біріне айналғанын айтып өтті.

"Биыл қала көлемінде 3 миллиард 213 миллион теңгеге жалпы ұзындығы 94,4 шақырымды құрайтын 137 көшеге жөндеу жұмыстар жұргізілді. Жыл сайын шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекет тарапынан жасалған қолдаулардың арқасында бұл салада да айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасуда. Қызылорда қаласында 2017 жылы 25 мың 665 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде жеке кәсіпкерлер - 19 мың 673, заңды тұлға - 5 мың 332, шаруа қожалықтары - 660. Облыста бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 50,3 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, жыл басынан бері қала кәсіпкерлерінің өз қаражаты есебінен жалпы құны 6 миллиард 465 миллион теңгені құрайтын 166 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, онда жаңадан 1 мың 760 жұмыс орны ашылды.

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Жыл басынан 5 мың 328 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл атқарылған жұмыстар биылғы жыл еншісіндегі ең маңызды дегендері. Ендігі кезекте, келер жылы атқарылатын жобаларға бөлінген қаржылар туралы қысқаша айтар болсақ, 2018 жылға Қызылорда қаласы бюджетінің көлемі 41 миллиард 905 миллион теңге болып бекітілді", - деді әкімдік.

Оның ішінде өз кірістері 23 миллиард 852 миллион теңге, облыс бюджетінен берілген субвенция көлемі 9 миллиард 597 миллион теңгені құрады.

Облыстық және республикалық бюджеттерден барлығы 8 миллиард 436 миллион теңге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлінді. "Нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі 3 миллиард 475 миллион теңге, нысаналы даму трансферттері 3 миллиард 376 миллион теңге. Сонымен қатар, 2018 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында бірқатар жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Оның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында, тұрғын үй құрылысына және жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 2 миллиард 677 миллион теңге бөлінуде. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 700 миллион теңге қаралуда. Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау бойынша 13 жобаға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен 1 миллиард 584 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржылардан бөлек, облыстық мәслихаттың шешімімен Қызылорда қаласында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалып, осыған байланысты маршруттарды субсидиялауға облыстық бюджеттен 590,7 миллион теңге бөлінуде", - деді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар, әкімдіктегілердің айтуынша, әлі де шешімін күткен өзекті мәселелер, атқаратын ауқымды тірліктер жеткілікті. "Мұның барлығы Елбасының, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдау көрсетуінің және билік пен қалалықтардың бірлесе атқарған тынымсыз тірлігінің нәтижесі, халықтың билікке артқан мол сенімінің жемісі. Тек қана бірлесе отырып, тиімді жұмыс жасау қажет. Азат елдің ұрпағы ретінде, біздің алдымызда ел үшін жасалған игілікті істі жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізге, ата-баба дәстүріне қамқорлық жасап, барлық күш-қайратымызды елдің дамуына, ұрпақтың бақытты болашағы жолындағы игі істерге жұмсау міндеті тұр", - дейді Қызылорда әкімдігіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети