15 желтоқсан 2018 16:16

Қызылорда қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа балабақша пайдалануға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласында тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында жаңа балабақша пайдалануға берілді.


Қызылорда қаласында тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында жаңа балабақша пайдалануға берілді.

Еліміздің ең басты мерекесі - ҚР Тәуелсіздігі күніне тарту ретінде Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде 140 орындық жаңа "Нұр Орда" балабақшасы пайдалануға берілді.

Заманауи үлгідегі балабақшаның жалпы ауданы 7 мың 500 шаршы метрді құрайды және бүлдіршіндердің мектепке дейінгі тәрбиемен толыққанды қамтылуына барлық қолайлы жағдай жасалған.

Құны 534,7 миллион теңгені құрайтын балабақша құрылысын "ИнтегроСтрой" ЖШС мерзімінде және өте сапалы орындаған.

Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне аймақ басшысы Көшербаев пен қала әкімі Нәлібаев арнайы қатысып, лентасын қиды және балабақша ұжымына символикалық кілтті салтанатты түрде табыстады.

Жалпы, қала бойынша 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары болса, оның ішінде мемлекеттік балабақша саны - 26, мектеп жанынан ашылған шағын орталық - 6 (1-жеке), жеке балабақша саны 205-ті құрап отыр.

Бүгінде, Қызылорда қаласы мектепке дейінгі тәрбие беру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, қаладағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары "Электронды балабақша" автоматтандырылған жүйесіне енгізілген.

Бұл - білім сапасын, бала тәрбиесін жақсартуға мемлекеттің көрсетіп отырған қамқорлығының нақты нәтижесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети