Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды

05 Қаңтар 2018, 13:41
0
Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды -

Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге қарағанда, облыстық департамент басшысына қатысты тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті бастады.

"Ол 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің 2017 жылдың қараша -желтоқсан айлары арасында қоластындағылардан жүйелі түрде оларға әскери атақ алып беру үшін және тәртіптік жауапкершіліктен босату үшін 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып келгені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.

2018 жылдың 4 қаңтарында департамент басшысының Қызылорданың ІІБ уақытша изоляторына қамалғаны айтылады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай