26 тамыз 2019 11:12

Қызылорда облысында Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы аталып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мен Жиенбай жыраудың туғанына 155 жыл толуына орай Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округінде ақын-жыраулар фестивалі мен спорттық ойындар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 


Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылының 60 жылдығы мен Жиенбай жыраудың туғанына 155 жыл толуына орай Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округінде ақын-жыраулар фестивалі мен спорттық ойындар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.

"Қызылорда облысын ежелден бастап "Жыр елі" деп атайды,оның бір себебі - "жүз жыраудың мекені", ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың құрметіне аталған Тұрмағамбет ауылы. Кішкене ғана ауылдан бір ғана Сәлима Жұмабекова апамыздай Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана шығуының өзін мақтан етуге болады. Сыр сүлейлерінің ізін жалғаған ақындар Құланбай Көпішов, Әбдікәрім Ахметов, Мағираш Сәрікова, жазушылар Нәсреддин Сералиев, Адам Мекебаев, Раушанбек Бектібаевтар, журналистер Мырхы Исаұлы, Әбілахат Жанаділов, Шакизада Құттаяқовтар бірі қазақ әдебиетіне, бірі журналистикаға еңбегі сіңген тұлға, өңірге ғана емес, елге танымал қаламгер ретінде есте қалды. Қазіргі таңда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында игі үрдістер жалғасын тауып келеді, көптеген әлеуметтік және бизнес нысандары салынуда", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Мерекелік шара аясында ауылда Алматы, Тараз және облыстың барлық аудандарынан арнайы келген ақындардың қатысуымен республикалық мүшайра ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шиелі ауданынан келген Ержігіт Бекжан, екінші орынды қызылордалық Тұрар Бекмұрзаев, үшінші орынды Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Гүлжанат Қадырбекова иеленді.

Сондай-ақ, "Жыр жампозы-Жиенбай" жыр фестивалі, волейболдан турнир, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.

Осы күні Тұрмағамбет ауылында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыт ашылды. Кәсіпорында айран, балмұздақ, сүзбе, қаймақ және пакеттелген сүт өндіреді. Зауытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети