09 сәуір 2015 17:26

Қызылорда облысында vip-номерлер 36 миллион теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жоғары сұранысқа ие "сәнді" номерлердің сатылымынан мемлекет қазынасына 36 миллион теңге көлемінде табыс түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада жоғары сұранысқа ие "сәнді" номерлердің сатылымынан мемлекет қазынасына 36 миллион теңге көлемінде табыс түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылдың ішінде Қызылорда облысы бойынша І санаттағы номерлердің 27 данасы, ал ІІ санаттағы тіркеу номерлерінің 58 данасы сатылып, облыс бюджетіне жалпы құны 26 миллион 118 мың 644 теңге болатын табыс түсірді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, 2015 жылдың 3 айында облыс бойынша І санаттағы мемлекеттік тіркеу номерлерінің 8 данасы 3 миллион 615 мың 168 теңгеге, ал ІІ санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің 25 данасы 6 миллион 788 мың 350 теңгеге сатылып, облыстық бюджетке барлығы 10 миллион 403 мың 518 теңге табыс түсірілді.

Айта кетейік, жоғары сұранысқа ие "сәнді" номерлердің бағасы екі санатқа бөлінген. І санаттағы мемлекеттік тіркеу номерлік белгілеріне 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 номерлері жатады. Олардың сатылымдағы құны - 422 миллион 256 теңге. ІІ санаттағы мемлекеттік тіркеу номерлеріне 100, 111, 888, 999 номерлік белгілері жатады және олардың сатылым құны - 253 724 теңге.

Еске салайық, өткен жылдың 20 қазанынан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңы күшіне енгені белгілі. Осы Заңға сәйкес бірыңғай сандардан құралған "сәнді" номерлердің бағасы белгіленіп, сатылымға түскен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети