ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2019 | 19:31
Қызылорда облысының әкімі орталықтағы жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы нысан - "Ана мен бала" орталығы болды. Облыс әкімі орталықтағы жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтап, сапалы жүргізілуін қатаң тапсырды.
"Сағат 10 болды, жұмысшылар әлі жоқ. Неліктен? Жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы ел игілігіне берілу үшін қатаң қадағалау қажет. Өткен аптада басталған жөндеу жұмысынан ілгерлеушілік көріп тұрғаным жоқ. Желтоқсанда ғимаратты тапсырамыз деп асығыс, шала-шарпы істелген жұмыс қажет емес. Басшылық жөндеу жұмысын басты назарға алсын", - деді облыс әкімі.
Қуанышбек Досмайылұлы облыстық медициналық орталығында болып, дәрігерлердің келушілерге сапалы қызмет көрсетулерін қамтамасыз ету керектігін айтты.
Дәрі-дәрмек, азық-түлік пен көмірдің бағасы, халыққа көрсетіліп отырған қызмет сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысы әлеуметтік дүкендер мен базарларды аралап, жағдайымен танысып шықты. Сонымен қатар, "Қызылорда тазалығы" ЖШС алынған жаңа арнайы техникаларды көріп, жылу орталығында да болды. Облыс орталығындағы көмір сататын арнайы орындардың жұмыстарын да назарына алды.
Айта кетейік, аймақ басшысы нысандарды жауапты қызметкерлерге алдын ала ескертусіз аралады. Ондағы мақсат- халыққа қызмет көрсететін осындай әлеуметтік объектілердің шынайы жұмысын көру, бағалау.
Қала нысандарын аралау қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың барлығы Қуанышбек Досмайылұлының жеке қадағалауында болады.
Показать комментарии
Читайте также