Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85

Қызылордада 172 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты

03 Наурыз 2014, 19:23
0
©xn--80aaib3cgnl.su
©xn--80aaib3cgnl.su
Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мән беріліп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыста еңбек етуге жарамды 3316 мүгедек жан бар. Солардың 500-ден астамы жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс сұрап хабарласқан. Өтініш білдіргендердің 172-і тұрақты жұмысқа орналасса, 208-і қоғамдық жұмыстарға, 43-і кәсіптік оқытуға, 19-ы жастар тәжірибесіне, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.

Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізіле бастады. Алғашқысы Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 48 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көбісінің мамандығы жоқ. Осының салдарынан оларға жұмыс табу қиынға соғып тұр. Алдағы уақытта бұл мәселе де басты назарда болады. Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін 17 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. «Жол картасы» аясында Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасы мен №11 мектепте құлағы нашар еститін балаларға инклюзивті топ пен сынып ашылады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай