26 қараша 2018 16:52

Қызылордада Baikonyr Invest Х халықаралық инвестициялық форумы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада Baikonyr Invest Х халықаралық инвестициялық форумы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада Baikonyr Invest Х халықаралық инвестициялық форумы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара 3-4 желтоқсан аралығында өтеді. Форумның тақырыбы - "Жасыл" экономика-өңірді дамытудың жаңа бағыты".

Биылғы форумның негізгі тақырыбы - жаңа технологиялар мен "жасыл кластерлерді" енгізу және өңірдің табиғи әлеуетін жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды пайдаға асыру және басқа да секторларда пайдалану мәселелерін талқылау.

Форумға Испания, Франция, Болгария, Қытай, Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден ресми тұлғалар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Форум аясында пленарлық отырыс және 4 секцияның жұмысы өтеді - "ЖЭК бойынша жобаларды енгізу мәселелері, ТКШ энерготиімділік, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру", "Цифрландыру. Smart city", АӨК-дегі "Жасыл технологиялар", су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, "Жасыл экономиканы дамытуда МЖӘ тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері".

Шара барысында инвестицияларды қажет ететін жобалар көрмесі, В2В, G2B, G2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ, бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі ұйымдастырылады.

Дәстүр бойынша, облыс әкімдігі арнайы қатысушылар үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағына "Союз-МС" зымыранының ұшырылуын бақылауға экскурсиялық тур ұйымдастырады.

Форум модераторы - BBC World News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.

Форум спикерлері: Француз Республикасының сенаторы Пьер Кабарэ, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Хаиров, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев және тағы басқалар.

"Форумның негізгі мақсаты - шетелдік және отандық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара тиімді әріптестігін орнату, инвестициялық жобаларды іске асыру, өңір экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады", - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети