27 ақпан 2014 | 18:58

Қызылордада браконьерлік 2 есеге артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында былтыр браконьерлік оқиғалар 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып кеткен. Бұл деректер облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2012 жылы облыс көлемінде киіктерді заңсыз аулаудың 9 дерегі тіркеліпті. Браконьерлер 59 бас киікті заңсыз атып, қоршаған ортаға 15 млн 977 мың теңге көлемінде залал келтірген. Оның тек 1 млн 496 мың теңгесі ғана өндіріліп, көрсеткіші небәрі 10 пайызды ғана құрап отыр. Былтыр киіктерді заңсыз аулаудың 22 дерегі әшкереленіп, браконьерлерден 44 бас киік пен 250 дана киік мүйізі тәркіленген. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының өзінде киікке қатысты браконьерліктің 10 дерегі анықталып, олардан 35 бас киік тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес қоршаған ортаға 3 млн 518 мың теңге залал келгені белгілі болып отыр. Қылмыстық Кодекстің 290-бабымен 2012 жылы 3 қылмыстық іс қозғалып, барлығы сотта қаралып айыптау үкімдері шығарылған. Ал, 2013 жылы осы баппен 22 қылмыстық іс қозғалса, оның 18-і сотқа жолданып, оларға да айыптау үкімдері шығарылған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети