25 желтоқсан 2019 16:32

Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының орталық алаңында орналасқан бас шыршаның шамын жағу салтанатты рәсіміне облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Сән - салтанаты жарасқан Жаңа жылдық әсем шыршаның биіктігі -23 метр, ені - 10 метр. Ертегілер еліне еліктірер ғажайып мерекенің басты символы саналатын жаңажылдық шырша Әсем ойыншықтар мен түрлі жарықшамдармен жабдықталған.

Расында ерекше безендірілген әр түрлі түстер мен бейнелерді құрайтын жарықтар, түрлі формадағы жарықшамдар кез келген қала тұрғындары мен қонақтарының көз жауын алып айналасының ерекше сәнін келтіріп тұр.

Биылғы жылы жаңажылдық бас шыршаны салтанатты жағу құрметі:

Қызылорда қаласының құрметті азаматы, екі дүркін "Алтын домбыра" иегері, 2019 жылдың қорытынды айтысының І орын иегері және "Айтыстың Ақтаңгері" атағын иеленгег айтыскер ақын Мұхтар Ниязов;

2019 жылдың қорытындысымен КТА ойындарының чемпионы "Қорқыт құрамасы" командасының капитаны Нұрлыбек Асанбаев;

Қазақстан кубогының иегері "Қайсар" футбол командасының капитаны Думан Нәрзілдаев;

Қазақ күресінен әлем чемпионы Сәлімгереев Нұрым;

"Бала дауысы" республикалық байқауының жүлдегері Қаһарман Сезім және Халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері Төлеген Ділназға бұйырды.

Әсем шыршаның айналасында қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өнерпаздар арнайы дайындаған мерекелік шаралар ұйымдастырып, ертегі кейіпкерлері би билеп бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

Мұнан бөлек қала көлемінде биіктігі 10 метрді құрайтын қосымша 4 жерге әсем шыршалар орналастырылады.

Сонымен қатар, қала көшелерінің бойында, аллеялар және саябақтар, орталық алаң секілді көпшілік орындарда жаңа жылдық ою-өрнектер мен ертегі кейіпкерлері бейнесінде светодиотты безендірулер, тақырыптық үгіт-насихат құралдары (билборд) орналастырылды.

Жалпы бұл жұмыстардың барлығына (жаңа жылдың безендіру) қалалық бюджеттен 4,6 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Жалпы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында түрлі шаралар жоспарланған.

Ал 31 желтоқсанда орталық алаңда өтетін мерекелік гала концертте эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Қуандық Рахым қызылордалықтар үшін арнайы өнер көрсетеді деп күтілуде және Жаңа жылдық шараның тағы бір тартуы мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети