12 ақпан 2014 18:37

Қызылордада жергілікті мал тұқымдарына көңіл бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында өткен жылдан бастап асыл тұқымды мал шаруашылықтарына тек қазақстандық мал тұқымдары сатып алынып жатыр, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Ибрагимов Tengrinews.kz тілшісіне. Бұл орайда облыс басшылығы тарапынан арнайы жұмыстар да қолға алынып отыр. Негізгі қаржылай қолдау жергілікті климатқа бейім "Әулиеата", "Әулиекөл" және қазақтың ақ бас сиырларын өсіруді қолға алған азаматтарға көрсетілуде. Өзге аймақтардағы секілді шыққан тегі белгісіз түлік түрлерін жеткізуге ешқандай негіз жоқ. Өткен жылы облыс бойынша барлығы 2956 сиыр мен 169 асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Қазіргі таңда облыста ет бағытындағы мүйізді ірі қара санын арттыруға мән беріліп отыр. Бұл мақсатта "Мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті шаруалар "ҚазАгро" ҰБХ АҚ арқылы жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуде. Осының нәтижесінде былтырдың өзінде-ақ 73 шаруашылық жаңадан құрылды. Соңғы деректер бойынша облыста 240,8 мың ірі қара, 581,2 мың қой мен ешкі, 75,2 мың жылқы, 33,3 мың түйе бары есепке алынып отыр. Жылдан-жылға асыл тұқымды мал тұқымдарының саны артып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети