Қызылордада қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған 5 шенеунік жазаға тартылды

16 Тамыз 2017, 15:41
0
Қызылордада қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған 5 шенеунік жазаға тартылды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қызылордада қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған 5 шенеунік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында 38 қызметтік көлікпен жол ересі өрескел бұзылған. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Б. Байхожаевтың төрағалығымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Берікбол Ұзақұлының айтуынша, 38 қызметтік көліктердің басым көпшілігі көлік жүргізушілері тарапынан орын алса, 5-уі мемлекеттік қызметшілердің өздерінің басқарумен болған.

"Мәселен, 2017 жылдың 28 шілдесінде Шиелі аудандық жер қатынасы бөлімінің басшысы Е.Меңлібеков өзінің басқаруындағы қызметтік автокөлігімен Шиелі кенті, Даулеткерей көшесінің бойында қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылды. Құжаттарын қарау барысында Е.Меңлібековтің өзімен бірге жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталып, екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, автокөлік ақылы айып тұрағына қамалды", - деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер жол қозғалысы ережесінің көбіне қауіпсіздік белдігін тақпау, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру сияқты түрлерін көп бұзады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай