Қызылордада мемқызметшілер арасында КТК ойындары өтті

21 Желтоқсан 2016, 14:59
0
Қызылордада мемқызметшілер арасында КТК ойындары өтті -

Қызылорда облысында жас мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет қазақша КВН сайысы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға облыс бойынша 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар саясат, мемлекеттік қызмет тақырыбындағы түрлі әзілдерімен көрермендерді күлдірді.

Қызылорда облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы Абзал Мұхимовтің айтуынша, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастарды шығармашылыққа баулитын мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұру керек. "Жас мемлекеттік қызметшілердің қағазбен ғана жұмыс істеп қоймай, өздерін сахна төрінде де көрсете алатынын дәлелдеу үшін қазақша КТК ұйымдастыруды жөн көрдік. Алда мұндай шаралар әлі де ұйымдастырылып тұрады", - деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен Көңілді тапқырлар сайысына қатысқандардың басым көпшілігі Тәуелсіздіктің құрдастары болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай