24 қазан 2016 10:02

Қызылордада өткен ат бәйгесіне 13 миллион теңге мен жол талғамайтын көлік тігілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі © Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аясында 23 қазан күні Қызылордада 13 миллион теңгеден астам жүлде қорын құрайтын ат бәйгесінің ақтық сайысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған шабандоз бәйгенің 5 түрінен сынға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аясында 23 қазан күні Қызылордада 13 миллион теңгеден астам жүлде қорын құрайтын ат бәйгесінің ақтық сайысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған шабандоз бәйгенің 5 түрінен сынға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған жұртшылықты егін жинау науқанының аяқталуымен және дала академигінің мерейтойымен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі.  

"Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерінің  облысымызда бұқаралық сипат алып келе жатқаны қуантады. Аймақта 14 мыңнан астам адам этноспорттың 7 түрімен шұғылданады. Жыл сайын облысымызда өткізілетін "Алтын белбеу" турнирі - республикадағы  ең танымал әрі беделді бәсекенің біріне айналды. Сондай-ақ, биылғы жылы көкпардан Жаңақорған ауданында өткен 5-ші Қазақстан чемпионатында облысымыздың құрама командасы тұңғыш рет қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Көкпардан облыстың жасөспірімдер құрама командасы екі мәрте күміс жүлдені иеленді. Былтыр ұлттық спортты дамыту мақсатында салынған ипподром халықаралық жарыстарды өткізуге және өңірде ат спортының өркендеуіне мүмкіндік береді", - деді аймақ басшысы.

Ат бәйгесінің қорытындысы: көкпардан Жаңақорған ауданының командасы жеңіске жетіп, 2 миллион теңгені иеленді; екінші орынды жеңіп алған шиеліліктерге 1,5 миллион теңге берілді; үшінші орынды қанжығасына байлаған Қызылорда қаласының шабандоздары 500 мың теңгемен және төртінші орынды жеңіп алған  аралдықтар 250 мың теңгемен марапатталды. "Теңге ілу" сайысында бірінші орынды (100 мың теңге) жаңақорғандық Алтай Қоңқаев иеленді. Екінші орынды (75 мың теңге) жалағаштық Досбол Нұрхан жеңіп алса, үшінші орынды (50 мың теңге) қызылордалық Жанболат Әліқожаев иеленді. "Құнан бәйгеде" Алматы облысынан келген Жанқойлықовтар әулетінің "Қаратөбелі" жеңіске жетті. Шабандоз - Өтеген Айтбек. Бірінші орын үшін олар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық иеленді.

Екінші орын мен 500 мың теңгені қызылордалық Игенбаев Данельдің "Елік" атты тұлпары жеңіп алды. Шабандоз - Эмиль Игенбаев. Ал үшінші орынға лайық деп танылған "Алатау" сәйгүлігінің иесі алматылық Айбек Бахытбекке 300 мың теңге берілді. Шабандоз - Елшат Баймұханов.

"Тоқ бәйгеде" бірінші орын мен 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлыққа Шиелі ауданынан келген Майлыбаевтар отбасының "Патша" тұлпары лайық деп танылды. Екінші орын мен 1 миллион теңгені астаналық Нұрдәулет Мирастың "Шайкүреңі" жеңіп алды. Үшінші орынды иеленген Жанқойлықовтар отбасының "Алтынқозысына" 500  мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

"Аламан бәйге" - сайыстың ең күрделі түрі, шарт бойынша 25 шақырым қашықтықты бағындыру керек. "Аламан бәйгеде" талдықорғандық Жеңіс Смайыловтың "Бақторысын" тізгіндеген Ақжол Жұматай үздік шабандоз деп танылды. Жеңімпазға жол талғамайтын көлік кілті табысталды. Ал екінші орын тараздық Мелебек Нұрдәулетке бұйырды. "Батыр" атты тұлпардың иесі - Асқар Олжабаев. Үшінші орын мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық шығысқазақстандық Ерлан Сүлейменовтың "Мирад" тұлпарын тізгіндеген Нұрлан Жақсылыққа бұйырды. Төртінші орын үшін 500 мың теңгені алматылық Серік Бақиевтың "Нұрторысы" иеленді. Шабандоз - Арнұр Құрманжан.

Айта кетейік, ат бәйгесінің демеушілері - "ҚазГерМұнай" БК, "Мәді Қажы" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Байқоңыр" ӘКК.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети