Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті

09 Желтоқсан 2016, 12:33
0
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті - © ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
© ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Қызылордада бүгін - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ерекше флешмоб өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы жоғары оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттар арқылы "Коррупция stop" сөзін жазып, қоғамдағы белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылығын білдірді.

Алаңға жиналған жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Сансызбайұлы сөз сөйлеп, оларды коррупциямен бірлесе күресуге шақырды.

Айта кетейік, шара соңында студенттер патриоттық әндер шырқап, шерулерін аяқтады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай