28 наурыз 2014 15:48

Қызылордада туберкулез деңгейі төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mk.ua ©mk.ua

Қызылордада туберкулез эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанды. Соңғы үш жылда туберкулезбен аурушаңдық 7,8 пайызға төмендеген. Сондай-ақ олардың өлім көрсеткіші де 5,2 пайызға төмен түскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұрынғы жылдарда облыста дерттің бұл түрі өзекті мәселенің бірі саналатын. Жүргізілген тиісті іс-шаралар нәтижесінде онымен сырқаттанатын азаматтар саны біршама азайды. Соның нәтижесінде туберкулезге қарсы күрес қызметінің төсек орындары оңтайландырылды. Осыған байланысты Жалағаш ауданындағы 50 төсектік туберкулезге қарсы күрес диспансері жабылып, Сырдария мен Қармақшы аудандарындағы аталған диспансерлер созылмалы туберкулезге шалдыққандарды емдеуге, қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері туберкулездің тұрақты түрін емдеуге бағытталды. Осылайша аталмыш емдеу орындары қайта құрылды. Осыдан оншақты жылдай бұрын туберкулез дертіне шалдыққандар облыста көптеп кездесетін. Оған түрлі жағдайлар себеп болды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік ахуалы да оған кері әсерін тигізсе, жергілікті жердегі экологиялық жағдай да елдің денсаулығына залалын тигізді. Қазіргі таңда бұл жағдайлар тұрақталып, дертке шалдыққандар жылдан-жылға едәуір көлемде кеми түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети