16 сәуір 2014 10:29

Қызылордада ұшынған сарбаздардың қатары 52-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

Қызылордада ұшынып қалған Ішкі әскер сарбаздарының қатары 52-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 


Қызылордада ұшынып қалған Ішкі әскер сарбаздарының қатары 52-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Кеше ауруханаға түскен әскерилердің саны 47 адам болғаны туралы хабарланған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне қарасты №5547 бөлімнің 32 сарбазы өткен жексенбіде ауруханаға жатқызылса, дүйсенбі күні тағы төртеуінің уланып қалғаны белгілі болды. Ал кеше сәуірдің 15-і күні осындай ауру белгілерімен тағы 11 сарбаз ауруханаға жеткізілді. "Сәуірдің 16-сы күнгі мәлімет бойынша Қызылорда қаласындағы облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған №5547 бөлімі сарбаздарының саны 52 адам болды", - делінген министрліктің ресми хабарламасында. 

Мамандардың мәліметінше, бүгінде науқастардың жағдайы қалыпты. Ал әскери бөлімде барлық сарбаздар медициналық тексерістен өткізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети