Қызылордалық жастар Елбасы замандастарымен кездесті

30 Қараша 2017, 12:26
0
Қызылордалық жастар Елбасы замандастарымен кездесті -

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қызылорда қаласында қала жастары Елбасымен жеке кездесудің сәті түскен аға буын өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Болашақ" университетінің студенттер сарайында өткен кездесуге журналист-дипломат, Қазақстанда шетелдік аккредитация алған тұңғыш журналист, Қазақстанның Түркиядағы бас консулдығында бірнеше жыл қызмет жасаған елге белгілі азамат, 1991 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан ең алғаш сұқбат алған тілшілердің бірі Уайс Ержан Үбайдәұлы және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысты.

Кездесу барысында Е.Үбайдәұлы Елбасымен жүргізілген ең алғашқы сұқбаты және Түркия мемлекетіндегі кездесуі, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Елбасының еңбектері туралы жастарға мағыналы да тарихи оқиғалардан әңгіме қозғады.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев Ұлт Көшбасшысының қатысуымен өткен республикалық шаралар және Елбасының Сыр еліне сапары кезіндегі жастармен өткізілген кездесулері жайлы тебіреністі сәтке толы қызықты ақпараттармен бөлісті.

Қалалық жастар орталығымен ұйымдастырылған келелі кездесуде белсенді жастар Елбасы туралы жерлестерінен тың ақпараттар алып, пікірлерімен бөлісті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай