10 сәуір 2014 14:59

Қызылордалықтар ыстық сусыз күй кешуге үйреніп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қызылордада ыстық судың қажеттігіне әрбір бесінші тұтынушы ғана бас ауыртқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалғандары бағаның қымбаттығын, судың жазда ажыратылатынын және үйлерінде су жылытатын қондырғылары бар екенін айтқан.


Қызылордада ыстық судың қажеттігіне әрбір бесінші тұтынушы ғана бас ауыртқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалғандары бағаның қымбаттығын, судың жазда ажыратылатынын және үйлерінде су жылытатын қондырғылары бар екенін айтқан.

Еске салайық, 2013 жылы наурыз айының басында Қызылордадағы Қорқыт ата көшесіндегі екі үйге 30 жылда тұңғыш рет ыстық су берілген еді. Онда да ыстық су 80 пәтердің тек 18-інде ғана пайда болды. "Қызылорда ЖЭО" МКК өкілдері кәсіпорынның жертөлелерге қызмет көрсету, бойлерлер мен құбыр жеткізу жүйесін орнату сияқты жұмыстардың бәрін өз мойнына алатынын мәлімдеді. Тұрғындар тек пәтерлерінің ауданына қарай қажетті материалдарын сатып алса болғаны. Ыстық су жүйесін жүргізу тегін.

Қызылордада орталық желіден ыстық суды тұтыну құны - текше метріне 310 теңге. Ал электрге қосылған жылыту қондырғысынан алынатын ыстық судың бір текше метрінің құны - 1100 теңге. Қазір қалада тағы үш үйге ыстық су берілгелі жатыр. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев екі жыл ішінде қаладағы көпқабатты үйлердің бәрін ыстық сумен түгел қамтуды тапсырды. Бұл мақсатқа бюджеттен 45 млн теңге бөлінген. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети