20 қыркүйек 2018 16:19

Қызылорданың аутизм орталығында Ашық есік күндері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

24-28 қыркүйек күндері аралығында Болат Өтемұратов Қорының Қызылордадағы "Асыл Мирас" аутизм орталығы Ашық есік күндерін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


24-28 қыркүйек күндері аралығында Болат Өтемұратов Қорының Қызылордадағы "Асыл Мирас" аутизм орталығы Ашық есік күндерін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық келушілер үшін күн сайын 9:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжай бойынша ашық болады: Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі, 113А.

Бұл күндері орталықтың меймандары РАС (аутистік спектрдің аурулары) бар балаларды оқып-үйрету процесін көріп, аутизмнің бастапқы нышандары мен оларды диагностикалау ережелері туралы біле алады, мастер-кластарға қатыса алады. 24 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін "Асыл Мирас" келесі кесте бойынша жұмыс істейді:

09:00-10:30, 14:00-15:30 - Аутизм орталығының қызметінің презентациясы,диагностика және коррекция бойынша мастер-класстар.

10:30-11:30, 15:30-16:30 - "РАС нышандары" презентациясы (қызыл жалаушаларды көрсету және түсіндіру).

11:30-12:30, 16:30-17:30 -  M-CHAT R/F скрининг-тестін жүргізу.

12:30-13:00, 17:30-18:00 - Келушілердің сұрақтарына жауап беру.

"Асыл Мирас" аутизм орталығы 2016 жылы құрылған. Осы уақыттың ішінде орталықтың мамандары 330 балаға дүниені жаңаша көруге көмектесті және оларды ата-аналарымен және айналаларындағы адамдармен өзара әрекеттесуге үйретті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети