03 қараша 2014 17:30

Лаңкес болуы мүмкін адамдардың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған. Ол ұлттық қауіпсіздік органдарына экстремизм мен террорлық әрекетке қатысы бар адам ретінде белгілі азаматтардың елге кіруіне тыйым салады.

"Бізге шетелден азаматтар жиі келіп жатады. Құқық қорғау органдарында бір шетелдік азаматтың экстремизм мен терроризмге қатысы бары туралы ақпарат болса, бірақ оның біздің аумағымызға келуіне тыйым салуға құқықтық негізіміз болмайды. Енді мына заң егер шетелдік туралы тиісті ақпарат болса, ҰҚК органдарына оның елге келуіне тыйым салуына құқық береді", - деген болатын ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Бұған қоса, жаңа нормаларға сәйкес, шетелдердегі соғысқа аттанғалы жатқан қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілетін болады. 

"Лаңкестік және экстремистік құбылыстардың алдын алу мақсатында шетелге экстремистік немесе лаңкестік оймен аттанып бара жатқан Қазақстан азаматтарына ұлттық қауіпсіздік органындағылар ресми түрде ескерту айтса дейміз. Осындай арнайы құқық берілуі керек. Біз мұндай ресми ескерту қанды қақтығыс болып жатқан жерлерде лаңкестермен бірге соғысуға бел буып, шетелге кетіп жатқан жекелеген азаматтарымыздың қарасын күрт қысқартады деп топшылаймыз" - деді Бас прокурордың тағы бір орынбасары Андрей Кравченко.

Сонымен бірге, заң ерекше сот өндірісі тәртібінде ұйымдарды олардың аумақтық мәртебесіне қарамастан, экстремистік және террористік деп тануға мүмкіндік береді. Заң террористік мазмұндағы ақпараттық материалдарды сот тәртібі жағдайында террористік деп тануға да жағдай жасайды. Бұған дейін тек экстремистік материалдарды ғана бұлай тану мүмкін болды. 

Тағы бір жаңалық - сот экстремистік деп таныған ұйымның мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу мен айналымға енгізуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, террористік қылмысы үшін сотталған немесе сондай қылмысы үшін құқық қорғау органдарының немесе арнайы қызметтердің көзіне түскен адамдарға қатысты қаржылық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін норма болады.

Бұған қоса, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сот экстремистік немесе террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімін жасап, оны өзінің ведомстволық сайтына орналастыруға құқық беріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети