10 маусым 2016 18:37

Лаңкес Дмитрий Таңатаров Ақтөбе ауруханасында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Таңатаров Дмитрий Таңатаров

Ақтөбе ауруханасында лаңкес Дмитрий Таңатаров қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе ауруханасында лаңкес Дмитрий Таңатаров қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңатаров бүгін таңғы уақытта арнайы операция кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Бұған дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі облыстық жедел медициналық көмек ауруханасына бір адамның түскенін, тағы екі адамның теміржол ауруханасына жіберілгенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін іздеуде жүрген лаңкес Дмитрий Таңатаровтың бауыры - Владимир Таңатаров одан полицияға берілуін сұрап, видеоүндеу жасаған болатын. 

Айта кетейік, бүгін таңертең ҚР ҰҚК қызметкерлері іздестіріліп жатқан лаңкестерді тапқан болатын. Арнайы операция кезінде 4 лаңкестің көзі жойылды. "Жедел-іздеу іс-шаралары нәтижесінде террористердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде тұрғандығы анықталды. ҰҚК және ІІД арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен террористер тұрған пәтер қоршауға алынып, блокадаланды. Қауіпсіздік шараларын қадағалай отырып, тұрғындарды эвакуациялау қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети