Лаңкестер Ақтөбеде түзету мекемелеріне шабуыл жасауды жоспарлаған - ҰҚК

12 Маусым 2016, 14:59
0
Лаңкестер Ақтөбеде түзету мекемелеріне шабуыл жасауды жоспарлаған - ҰҚК -

Ақтөбеде антитеррорлық арнайы операциялар қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков арнайы операциялардың барысында 9 қылмыскердің ұсталып, 18 қылмыскердің көзі жойылғанын айтты.

Тоналған қару-жарақ тәркіленді. 25 қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілген. Білісбеков ұсталғандардың кінәні мойындап жатқанын да мәлімдеді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкестер қару-жарақты иемденіп алғаннан кейін түзету мекемелері мен мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Ақтөбе жедел штабының, ҰҚК-ның "Арыстан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің, Ұлттық гвардияның "Бүркіт" бөлімшесінің және ІІМ-нің "Арлан" бөлімшесінің өз уақытында әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында лаңкестердің қылмыстың әрекеттерінің алдын алу мүмкін болды", - деп хабарлады ол.

Осыған дейін ҚР ҰҚК өкілдері Ақтөбедегі терактіге қатысушылардың ұсталып, жойылғаны хабарлаған еді. Олардан қару-жарақ тәркіленіп, қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай