17 маусым 2016 09:22

Лаңкестер Ақтөбеде ҰҚК ғимаратына шабуыл жасауды жоспарлаған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Azattyq.org © Azattyq.org

Антитеррористік штабта терроризммен күрес проблемалары талқыланды. ҰҚКД басшысының мәліметінше, лаңкестер комитетке де шабуыл жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды "Диапазон".


Антитеррористік штабта терроризммен күрес проблемалары талқыланды. ҰҚКД басшысының мәліметінше, лаңкестер комитетке де шабуыл жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды "Диапазон".

ҰҚКД басшылығы радикал ағымдардың идеологиясын таратып жүрген салафиттерді райынан қайтарудың қиын екенін хабарлады. "Басым бөлігі ұйқыда. Олар Ақтөбедегі терактіні бастағандар. Барлығын бірдей көндіру мүмкін емес. Осы жұмыстарды жүргізетін сауатты дінтанушылар мен имамдар жеткіліксіз. Сондықтан жергілікті кадрларды жетілдіру керек", - деді ҰҚКД басшысы Нұрлан Қыдырбаев. 

Сонымен қатар, ол өткен жылдың басынан бері 14 радикал топтың қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді. Шетелде және Қазақстанда зорлық-зомбылық актілерді жоспарлаған 36 адам ұсталған. "Оларды халықаралық лаңкестік ұйымдар Интернет арқылы үгіттейді. Шетелден келген осындай үгіт 5 маусымда 25 адамға Ақтөбеде теракт жасауға себеп болған. ДАИШ-тың жолдауларының бірінде олар біздің елімзде жиһад жасауға бұйрық алған", - деп хабарлады ҰҚКД басшысы.

Оның айтуынша, лаңкестер ақтөбелік ҰҚКД-ға шабуыл жасауды жоспарлаған. "ҰҚКД ғимаратына төніп тұрған қатерді есепке ала отырып, департамент ғимаратының үшдеңгейлі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құралдар қажет. 2011 жылдан бастап ҰҚКД қызметкерлерінің жұмыс көлемі еселеп өсті. Тиімді жұмыс үшін ҰҚКД-ны заманауи техникалық құралдармен жабдықтау керек. Өткен антитеррористік операция техниканың ескіргенін немесе оның тіпті жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл негізінен тыңдауға арналған кешен, сонымен қатар 4G стандартындағы смартфондарды қолданатын нысандарды табуға арналған кешен", - деді Қыдырбаев.

Сонымен қатар, басылым ҰҚКД басшысына сілтеме жасай отырып, департаменттегі компьютерлердің басым бөлігінің ескіргенін жазады. Ал техникалықө проблемаларды шешу үшін қаржы қажет. Осыған байланысты ҰҚКД премьер-министр Кәрім Мәсімовтен 200 миллион теңге қаражат бөлуді сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети