09 маусым 2016 11:34

Лаңкестер басып алған автобус жүргізушісінің әйелі: Мен олардың артынан әскери бөлімге дейін бардым

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны Айгүл Жұмабаева лаңкестердің автобусты қалай басып алғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының тұрғыны Айгүл Жұмабаева лаңкестердің автобусты қалай басып алғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 маусымда лаңкестер әскери бөлімге кіру үшін автобусты басып алған еді. Олар көліктегі жолаушыларды шығарып жіберіп, автобус жүргізушісіне әскери бөлімге апаруды бұйырған. Ол жақта лаңкестер оқ жаудырып, үш әскери қызметшіні өлтірді.

Айгүл Жұмабаева теракт болған күні лаңкестер басып алған автобуста болыпты. Автобус жүргізушісінің әйелі кондуктор болып жұмыс істейді екен.

"Сол күні Мұрат автобуста ақау бар екенін айтты. Біз жолдан ардагерлер үйіне дейін апарып тастауды сұраған 3-4 жолаушыны алып, ары қарай тоқтаусыз жүрдік. Осы кезде алдымызда жол полициясының автомобилі тоқтай қалды да, ішінен полицейлер атып шықты. Атыстың даусы естілген кезде жолаушылардың барлығы еденге жата қалды. Күйеуімнің қауіпсіздік белдігі істемей қалып, ол белдікті ағыта алмады", - дейді әйел.

"Осы уақытта алдыңғы есіктен қылмыскерлер кіре жөнелді. Сыртқы келбетіне қарап оларды қарапайым адам деп ойлайсың. Барлығының қолында қару болды. Мен күйеуімді тастап кетпейтінімді, автобуста қалатынымды айттым. Дегенмен олар барлығымызға артқы есіктен шығуды бұйырып, айғайлады. Бәріміз шығып кеттік. Күйеуіме әскери бөлімге апаруды бұйырды.

Мен бірінші кездескен көлікке отырып, автобустың артынан жүрдім. Дегенмен әскери бөлімге жақындаған кезде автобустың сонда кіргенін көрдік те, тоқтадық. Кейін маған күйеуім хабарласты. Автобустың артында машина көп болды. Көлікке қалай отырғаным есімде жоқ. Жүргізушіден автобустың артынан жүруді сұрап жыладым. Дегенмен біз соңына дейін бармадық, мен оны сыртта күттім", - дейді Айгүл.

Айта кетейік, Ақтөбеде лаңкестер басып алған автобустың 32 жастағы жүргізушісі Мұрат Исекенов бұған дейін қанды оқиғалардың ортасына қалай тап болғаны жайлы айтып берген еді.

"Қақпаны соғып кіргенімде автобустың қозғатқышын қасақана өшірдім. Күзетшілер байқап қойып, қылмыскерлерді әскери бөлімге кіргізбейтін шығар деген ой болды. Бірақ лаңкестер дереу оқ ата бастады. Құлағымның түбінен тұрып автоматпен, қарумен атты. Есімнен танып қалғандай болдым. "Есікті аш" деген айғайдан есімді жидым. Олар бөлімнің ауласына жүгіріп кетті. Осы қарбаласта артқы есікке барып, сыртқа шығып кеттім. Мені де ата бастады. Бірақ мен қақпаны жағаладым. Әйтеуір аман шығып кеттім. Осы күйімде Жилгородтағы тұраққа жеттім", - дейді Мұрат.

Қазір Мұрат толық медициналық бақылаудан өту үшін оған қаражат керек.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети