06 маусым 2016 14:13

Лаңкестер елдің тыныштығын бұзуды көздеді - ҚР Дін істері комитеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Дін істері комитетінің өкілдері Ақтөбеде 5 маусымда болған жағдайдың қазақстандықтар үшін ауыр тигенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Дін істері комитетінің өкілдері Ақтөбеде 5 маусымда болған жағдайдың қазақстандықтар үшін ауыр тигенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Мұндай қылмысқа барғандар елдің бейбітшілігін бұзып, қоғамда дүрлікпе тудыруды көздеген. Дінді жамылған лаңкестер тағы да шынайы жүздерін көрсетті. Өздерін "діннің қорғаушысымыз" деп атайтын олар исламның құндылықтарын түсінбейді. Мұндай әрекетке Рамазан айында баруы осының дәлелі", - делінген хабарламада.

Қазақстанның дінбасылары лаңкестердің әрекетін қатаң сынап, азаматтарды елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап қалуға шақырды.

"Біздің елде мұндай танымдағы діни алғышарттар жоқ. Дегенмен халықаралық террорлық ұйымдар біздің елді де өз ықпалында ұстауға тырысып жатыр. Елімізде 2,5 мыңға жуық мешіт бар. Қазіргі кезде елдегі мұсылмандар басқа дін өкілдерімен берге Қазақстанның бейбіт болуына атсалысып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство азаматтарды арандатушылықтарға ермей, тыныштық сақтауға шақырды.

"Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері жағдайды мұқият тексеріп жатыр, сонымен қатар, кінәлілер тиісті жазасын алады. Мемлекеттік органдар мұндай оқиға қайталанбауы үшін тиісті шараларды жүргізіп жатыр", - деді Комитет өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети