21 қаңтар 2014 18:44

Лаңкестер мен қанішерлерге өлім жазасы қолданылуы керек - Косарев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілев ©Марат Әбілев

"Лаңкестер мен кісі өлтіргендерге өлім жазасы қолданылуы керек", Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев осындай пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Халық коммунистері" фракциясы Қазақстанда өлім жазасына жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынды. "Біз біраз жерде өлім жазасының барлық пәлеге ем болмайтынын айтып жүрміз, бірақ біз терроризм, адам өмірін қию және қылмыстың осы сияқты басқа да формалары өліммен жазалануы керек деп есептейміз. Меніңше, адамның қолымен жасалатын барлық әрекет оған әрбір іс үшін адам басымен жауап беретінін ескертіп тұруы тиіс. Үрей ғана адамды қылмыс жасаудан тартындырады", - деп мәлімдеді депутат Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен бірге, ол коммунистер фракциясының қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге қарсы екенін атап өтті. "Біз заңнаманың жеңілдегенін, сөйтіп, қылмыс санының өсуіне соқтырғанын қаламаймыз. ...Қылмыстық кодекске Бас прокуратура ұсынған түзетулер жазаны жеңілдетуге, құқық бұзған адамдар тағдырын жақсартуға бағытталған. Қоғамның мұндай әрекеттерді қолдамайтынын мойындау керек", - деді В.Косарев. Депутат Қылмыстық кодекс жобасы айыппұл санкцияларын күшейтуге бағытталғанын айтты. "Табысы жоғары адамдарда айыппұл төлеуге мүмкіндік бар, айыпты төлей алатынын білген оларда қылмыс жасауға инстинкт пайда болады. Бұған қоса, жазаны жеңілдету құқық бұзуға бейім адамдардың сот пен қоғам алдында жауап беруден сескенбеуіне әкеліп соғады", - деді саясаткер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети