30 қаңтар 2015 12:51

Латын әліпбиіне көшуді жеделдетуге қажеттілік жоқ - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz иллюстрациясы ©Тengrinews.kz иллюстрациясы

Латын қарпіне көшуді жылдамдатуға қажеттілік жоқ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Латын қарпіне көшуді жылдамдатуға қажеттілік жоқ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл процесті жылдамдатуға қажеттілік жоқ деп ойлаймын. Бірақ бұл - қабылданған бағдарлама. Ол өз кестесіне сәйкес жүретін болады", - деді ол журналистердің сауалына жауап беріп. 

Министр латын әліпбиіне көшу ұзақмерзімді бағдарлама екенін атап өтті. "Онда көшудің қай жылдары басталатыны жазылған. Өздеріңіз білесіздер, негізгі қадамдар 2025 жылы басталады. Қазір ғалымдар бұл мәселені мұқият зерттеп жатыр. Тіпті, ыңғайлылық үшін біз компьютерде бар клавиатура шеңберінде көшу туралы да айтылды. Бірақ біздің ерекшелігіміз - әріптерді айтуда - ол үлкен мәселе. Біз оны істей аламыз, фонетикамыз мүмкіндік береді. Бірақ ол компьютерлік бағдарламаға енбейді. Қосымша жасау - әрине, күрделі. Оның үстіне, біз халықаралық қоғамдастықты табиғи жолмен біріктіруіміз керек", - деді ол. 

Мұхамедиұлы барлық оқу бағдарламасын дайындау керектігін айтты. "Көшіп алып, оқу процесі дайын болмай отырмауымыз керек. Сондықтан латынға көшу процесі жеделдетілген тәртіпте жүрмейді. Бағдарламаға сәйкес, бұл қозғалыстың қолданысқа енуге құқылы", - деді министр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети