28 ақпан 2017 14:26

Ләззат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ncagip.kz © ncagip.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қаулысымен Ақтаева Ләззат Мейрашқызы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қаулысымен Ақтаева Ләззат Мейрашқызы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ләззат Мейрашқызы 1988 жылы ол Алматы мемлекеттік медициналық институтын, 2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Өз еңбек жолын Ләззат Мейрашқызы 1988 жылы Астана қаласындағы №3 және 15 перзентханаларының акушер-гинекологы болып бастаған.

1993-1997 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы АММУ акушерлік пен гинекологиялық кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

1997-2003 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, 2003-2009 жылдарыАстана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2009-2015 жылдары Ұлттық медициналық холдинг басқарма басшысының кеңесшісі, Республикалық диагностикалық орталықтың медицина мәселелері бойынша директоры, Астана қаласы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басқарушы директоры, бас директордың орынбасары ретінде еңбек етті.

2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтау саласы қызметтерін дамыту орталығының жетекшісі болып тағайындалып, 2014 - 2015 жылдары Астана қаласындағы "Денсаулық қаласы" диагностикалық емханасының медициналық директоры, директор қызметтерін атқарды.

2015 жылы Алматы менеджмент университетінің "Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент" бағдарламасының жетекшісі болды.

2015-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры болып қызмет етті.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорының орынбасары, директоры болды.
Ләззат Ақтаева - медициналық ғылымдар докторы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети