Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Лицейдегі жаппай төбелес: Нақты қанша оқушының зардап шеккені анықталды

29 Қазан 2015, 19:22
0
© maxpark.com
© maxpark.com

Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінде болған жаппай төбелесте нақты қанша адамның зардап шеккені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары сынып оқушыларымен болған жанжал барысында сегізінші сыныптың 20 оқушысының зардап шеккені анықталды. "6 қазанда Қарағанды ІІБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің кезекші бөліміне №1 қалалық ауруханасына қазақ-түрік лицейінің жетінші сынып оқушылары медициналық көмекке жүгінді деген хабар түсті, сонымен қатар, оларды ҚТЛ-дің сегізінші сынып оқушыларының соққыға жыққаны айтылды", - деді телефон арқылы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, көмек сұрағандардың барлығы сол күні Жаңа Майқұдық ПБ ақпараттар есебі кітапшасына тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. ҚТЛ қызметкерлері мен сегізінші және жетінші сынып оқушыларынан, ата-аналардан түсінік алынды. №1 қалалық ауруханасынан зардап шеккендердің медициналық көмекке жүргінуі туралы медициналық құжаттар алынып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деді Құдияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы №1 қазақ-түрік лицейінде жаппай төбелестің болғаны хабарланған еді, оқу орнының басшысы қызметінен кетті. Оқиғаның салдарынан 15 бала зардап шекті. Жанжалдың себептері әлі белгісіз. Зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға арызданды. Олар балаларын ұрып-соққан жоғары сынып оқушылары мен оқиғаға жол берген мұғалімдердің жазалануын талап етті. Оқиғаны жөнге салу қолға алынған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай