29 шілде 2016 18:22

Литваның аппеляциялық соты Әблязовтің туысын Қазақстанға беруден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырым Шалабаев. © interpol.int Сырым Шалабаев. © interpol.int

Литваның аппеляциялық соты жабық отырыста  қазақстандық БТА банкнің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты Қазақстан мен Украинаға бермеу туралы соңғы шешім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Литваның аппеляциялық соты жабық отырыста  қазақстандық БТА банкнің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты Қазақстан мен Украинаға бермеу туралы соңғы шешім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Аппеляциялық сот, прокурорлардың шағымданған вильнюс сотының  Қазақстан азаматы Сырым Шалабаевты еліне қайтармау туралы шығарған шешімін өзгеріссіз қалдыруды шешті", - деді соттың алдында сот Сигита Беляускене. Ол бұл соттың соңғы шешімі және оған шағымдануға болмайтындығын айтты.

Литваның Бас прокуратурасы 5 шілдеде вильнюс сотының шығарған шешімінің (ақшаны заңсыз айналдырды деп айыпталған Сырым Шалабаевты Қазақстанға не Украинаға беруден бас тарту) күшін жою туралы арыз тастаған.

Шалабаев 2015 жылы 28 шілдеде Литвада ұсталған. ҚР Бас прокуратурасы оны елге қайтаруды сұраған. Украинада Шалабаев 300 миллион долларды жымқырды деп айыпталған. 2011 жылы Лондонның Жоғары соты Сырым Шалабаевты сотқа құрмет көрсетпегені үшін 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Айта кетейік, Қазақстанда Шалабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ол "БТА банк" АҚ-ның - 175 миллион долларын жымқырды деп айыпталуда.

Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шалабаевтың ісіне байланысты Литва Сыртқы істер министрлігіне нота жіберген болатын. 28 маусымда Қазақстан мен Украинаның Сырым Шалабаевты экстрадициялау сұранысы қанағаттандырылмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети