27 наурыз 2017 17:14

Ломбардтар ұрланған заттарды сатып алатын жерге айналды - бас прокурор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sarinform.com © sarinform.com

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов еліміздегі ломбардтардың жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокуроры Жақып Асанов еліміздегі ломбардтардың жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметте мынадай бір мәселені көтерейік, яғни мемлекеттік саясатты жетілдіретін және оның қалыптасуымен айналысатын уәкілетті органды анықтайық. Құрметті депутаттар, сіздер бүгінде еліміздегі ломбардтардың ұрланған заттарды сатып алатын заңды құрылымға айналғанын түсініп отырған шығарсыздар. Ломбардтардың қызметіне қатысты ешқандай да заңнамалық талаптар жоқ. Бүкіл әлемде, көптеген мемлекеттке олардың қызметіне қатысты талаптар қойылған. Біз оларды барлық міндеттен босатып отырмыз", - деді Бас прокурор Координациялық кеңес отырысы барсысында.

Сондай-ақ, Жақып Асанов ломбардқа келушілердің өздері жайлы жеке мәліметтерді қалдырып кету керектігін айтып өтті.

"Біз тек бір талап қоямыз. Ломбардқа бағалы затын тапсырған әр адам өзінің аты-жөнін көрсетуі керек. Сондай-ақ, оны суретке түсіру керек. Онда камералар бар шығар", - деді Асанов.

Сонымен қатар, Бас прокуратура мен ІІМ өкілдерінің 2016 жылдың қазан айында ұрлық жағдайларын тоқтату үшін "Ұрлыққа жол жоқ!" жобасының қосылғаны айтылады. Жоба аясында видеобақылау камералары жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. 

Отырыс барысында тұрғын үйлерінде видеобақылау жүйесі жұмыс істеп тұрған тұрғындардың ай сайын 150 теңге төлеп тұратыны айтылды.

Ал ұялы телефондарды ұрлау жағдайларын азайту мақсатында Аустралияның тәжірибесін енгізу ұсынылды. Онда 2002 жылдан бері мобилдьдік операторлар ұрланған аппараттардың IMEI-кодтарының тізімін жасап, оларды бұғаттай бастаған.

Сондай-ақ, отырыс барысында елімізде 25 жылдың ішінде 2 миллионнан аса ұрлықтың жасалғаны айтылды. Олардың 1,5 миллионы сол күйі ашылмаған күйі қалған. Соңғы бес жылдың өзінде ұрлықтан түскен шығынның көлемі 70 миллиард теңгеден асқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети