19 наурыз 2015 18:01

Лоссерталес EXPO-2017 нысандары құрылысының қарқынына таңданыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 құрылысының қыс мезгілінде де қарқынды жүргізілгеніне таңданыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 құрылысының қыс мезгілінде де қарқынды жүргізілгеніне таңданыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанға келген сәттегі алғашқы әсерім, мен қаланың айтарлықтай өзгергенін байқадым, құрылыстың жылдам жүргізіліп жатқанын көрдім. Қаланың жаңа бөлігінде бизнес жақсы жұмыс істеп жатыр. Қала өсіп келеді. EXPO-2017 мен EXPO-2017 нысандарындағы құрылыс қарқыны туралы айта отырып, тамаша жұмысты, құрылыс учаскесінің қыс кезеңінде тамаша жетістікке жеткенін атап өту керек. Кейбір павильондар қазірдің өзінде тұрғызылып жатыр, құрылыс табысты жүріп жатыр", - деді Лоссерталес Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Ол Қазақстанға EXPO-2017 көрмесі шеңберіндегі құрылыстарды қарап шығуға келген болатын. 

Лоссерталес Қазақстанның EXPO-2017 көрмесіне дайындықтың кестесінен ауытқымағанымен қоймай, кейбір аспектілер бойынша одан озып кеткеніне сенім білдірді. "Осы жылдың соңына қарай құрылыс учаскесі өте жақсы деңгейде болады деп ойлаймыз. Бұдан кейін тақырыптық павильондарды толтыру, қажетті қызметтерді ұсыну мен көрмеге қатысушыларды тарту жөніндегі жұмыстар қолға алынады. Сөйтіп, құрылыс өте жақсы жүріп жатыр және менің күткенімнен асып түсті деп тұжыруға болады", - деді ол. 

Журналистер "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияевтан құрылыстың не себепті кестеден асыра орындалып жатқанын сұрады. "Бұл біз құрылысты өте тез салғымыз келгендіктен емес. Себептері бар. Үш ай ішінде ол жерде парад, басқа да шаралар өтуі керек деген бағдарлама бар. Адамдар басқа жерде виртуал түрде дайындалғанша, нағыз базада дайындалсын, біз оған дейін нысандарды салып бітіреміз. Сондықтан кейбір нәрселерді біз уақытынан бұрын орындап жатырмыз", - деді ол. 

Бұған қоса, Ермегияев EXPO-2017 көрмесі қатысушыларына арналған тұрғын үйлердің мейлінше жылдам салынуы керектігін айтты. "Қатысушылардың келуі туралы айтар болсақ, олар мұнда өз павильондарын орналастыруы керек, олар бір жерде тұруы керек. Сондықтан бірінші міндет - олардың баспаналарын салу. Біз 1300 пәтер саламыз. Екіншісі, егер біз павильондарды дер кезінде салмасақ, олар өз заттарын қайда орналастырады? Сондықтан кесте бар, соған сәйкес біз ыждағаттап, нысандарды өзіміз үшін, басқа да жағдайлар үшін мерзімінен бұрын салуға тырысамыз", - деді Ермегияев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети