11 маусым 2014 20:26

Лоссерталес: Қазақстан өзінің EXPO-2017 үшін дұрыс таңдалғанын дәлелдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Висенте Лоссерталес. ©Tengrinews.kz Висенте Лоссерталес. ©Tengrinews.kz

EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығының Қазақстанға берілуі өте дұрыс таңдау болды. Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығының Қазақстанға берілуі өте дұрыс таңдау болды. Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Мен Қазақстанды EXPO-2017 көрмесінің тіркеу құжаттамасын сәтті қорғап, Халықаралық көрмелер бюросының туын қабылдауымен құттықтаймын. Қазақстанда барлығы өз уақытында жасалып жатыр. Қазір, алғашқы кезеңнің өзінде бұл ел көрме өткізуге таңдаудың дұрыс жасалғанын дәлелдеп берді. Бас ассамблея тіркеу құжаттамасын табысты түрде қабылдады. Көрменің дайындығы іс-шаралардың келісілген жоспарына сәйкес атқарылып жатыр. Көрменің тақырыбына келсек, бұл - өте маңызды, әлемдік қауымдастық үшін өзекті тақырып. Біріншіден, EXPO-2017 көрмесінің арқасында Астана тұрғындары мен тұтас Қазақстан халқы дамыған инфрақұрылымдарға қол жеткізеді, қалашық жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет ететін болады. Ол тұрғындардың энергияның жаңа бағыттарын тұтынуына мүмкіндік береді, көрме Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша жаңартылатын қуат көзі саласында ғылымның дамуына түрткі болады", - деді Лоссерталес журналистерге берген сұхбатында.

Бұған дейін Парижде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегацияға еліміздің EXPO-2017 көрмесінің ресми қожайыны екенін растайтын тудың табыс етілгені хабарланған болатын. Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясына қатысушыларға Мемлекет басшысының сәлемін жеткізген министр "Біз ХКБ-ның қазақстандық тарапқа берілген барлық ұсынысын жоғары бағалаймыз. Бюро хатшылығымен тығыз байланыста жұмыс істеу көрмеге дайындық процесіне елеулі үлес қосады", - деді. Оның айтуынша, Қазақстанға берілген ту 12 маусым күні Көкшетауда Қазақстан Президентіне салтанатты жағдайда табыс етіледі. 

"Тудың берілуі көрмеге қатысушыларды шақыру, павильондарды құру сияқты жұмыстарды бастауға септігін тигізеді. Ең бастысы, көрменің ғылыми мәніне көп көңіл бөлініп отыр, оған бөлінген аумақтың Назарбаев университеті жанында болуы кездейсоқ емес, ол қарқынды дамушы жаңа ғылыми база болады. Көп нысан Астаның келешек дамуына қызмет етеді, шара жүздеген жұмыс орнының ашылуына, шағын және орта бизнестің, туризмнің дамуына ықпал етеді", - деді Ыдырысов.

Еске салайық, мамандандырылған халықаралық көрме 2017 жылы маусым-қыркүйек айлары аралығында өтеді. Тақырыбы - "Келешектің энергиясы". Оған 100-ден астам елден және инновациялық технология саласындағы халықаралық ұйымдардан барлығы 5 млн-ға жуық адам келеді деген жоспар бар. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети