02 желтоқсан 2014 15:38

Lufthansa компаниясының Алматы - Франкфурт рейстері ұшқыштар ереуіліне байланысты шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстанда Lufthansa әуе компаниясының сапарын ұшқыштардың ереуіліне бола жүздеген жолаушы пайдалана алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Lufthansa әуе компаниясының сапарын ұшқыштардың ереуіліне бола жүздеген жолаушы пайдалана алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстаннан және Қазақстанға ұшатын бір күнде екі рейс кейінге қалдырылған - олар 2 желтоқсанға тағайындалған Алматыдан Франкфуртке дейінгі LH647 рейс және 2 желтоқсан күні Астана уақытымен 13.20-да Франкфурт-Алматы бағытында ұшып келуі тиіс рейстер.

"Ереуіл екі күн болады (1-2 желтоқсан) және бүгін түн жарымында аяқталады. Өздерінің байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға e-mail және SMS хабарламалар жіберілді. Рейстері кері шегерілген жолаушылар билеттерін айыппұлсыз өткізе алады немесе ұшу уақытын өзгертіп, билетін тегін ауыстыра алады. Әуе компаниясы ыңғайсыздық келтіргені үшін кешірім сұрайды және жолаушылардан ұшу алдында өз рейстерінің статусын lh.com сайтында тексеріп алуды сұрайды", - деп хабарлайды Lufthansa баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Lufthansa әуе компаниясы ұшқыштардың ереуілі кесірінен рейстерінің жартысына жуығын тоқтатты. Әуе тасымалдаушы мәліметтеріне сүйенсек, 1350 сапар, яғни тұрақты рейстің 48 пайызы кейінге қалдырылған. Lufthansa бұл шегерілген рейстер, 150 мыңнан аса жолаушының наразылығын тудырады деп ескертіп отыр. Айта кетейік, ереуілге шығуға себеп болып отырған, ұшқыштардың зейнеткерлікке шығу кезінде төленетін өтемақыны арттыру талабы болып отыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың сәуір айында немістің ірі әуе компаниясы Lufthansa ұшқыштардың үш күндік ереуіліне байланысты бүкіл әлемдік 3800 рейсті тоқтатқан болатын. Әуе компаниясының мәліметі бойынша, жанжалдың кесірінен 425 мың жолаушының сапары іске аспаған. Ереуіл кезінде Lufthansa ұшақтары бар болғаны 500 қысқа мерзімді және магистралды бағдар бойынша тасымал жасаған. Белгілі болғандай, ұшқыштар бұл әрекеттерімен жалақыны көтеріп, еңбек шарттарын жақсартуды көздеген. Бұл әуетасымалдаушы тарихындағы ең ауқымды ереуілдің бірі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети