29 мамыр 2014 13:55

Лукашенко еуразиялық интеграцияның қарсыластарын сабыр сақтауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©politikus.ru ©politikus.ru

Беларусь қандай да бір бонустар мен жеңілдіктерді саудалап отырған жоқ. Еуразиялық экономикалық одақта бәрі тең дәрежеде жүргізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президенті Александр Лукашенконың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Беларусь қандай да бір бонустар мен жеңілдіктерді саудалап отырған жоқ. Еуразиялық экономикалық одақта бәрі тең дәрежеде жүргізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президенті Александр Лукашенконың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында кәдімгідей шу көтеріліп жатыр. "Лукашенко жеңілдіктер сұрап, Минск үшін бонустарды саудалап жүр". Бұл - цитата, тура солай айтады. Олардың айтуынша, Қазақстан мен Ресей кезекті рет Беларусьтың экономикалық проблемаларын өз мойындарына алады. Ондай адамдарға бір нәрсе айтқым келіп отыр. Мырзалар, сабыр сақтаңыздар! Біз Ресей мен Қазақстанмен бірге тең дәрежелі үдерістің қатысушылары болып саналамыз. Егер бір-бірімізге қандай да бір мәселені жүктейтін болсақ, онда оның барлығы тең дәрежеде атқарылады. Бұл - біздің достық одағымыз", - деді А.Лукашенко шағын құрамдағы кездесуден кейін. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде еуразиялық интеграцияның қарсыластары аз емес.   

"Беларусь ешқандай жеңілдіктер сұрап отырған жоқ. Бұл интеграцияда әрбір мемлекет өзіне қажет нәрсені алады. Ал оны тоннамен немесе кубометрмен өлшеудің қажеті шамалы. Еуразиялық экономикалық одақты рәсімдеу үшін біз бәріміз жан-жақты дайындалдық", - деп атап көрсетті А.Лукашенов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети