Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Лукашенко Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бірге болуды ұсынды

20 Наурыз 2015, 15:35
1
Александр Лукашенко. ©REUTERS
Александр Лукашенко. ©REUTERS

Александр Лукашенко Қазақстан, Ресей мен Беларусь Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бірге болуы керек деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында біз бірге болуымыз керек, қатерлер тым көп. Тарихқа дейін барды. Ресей президенті бұл туралы соңғы кездері көп айтты, бізге үлкен қатерлер төндірілді, соның ішінде біздің ортақ тарихымызды сызып тастауға қадам жасалды. Сондықтан біз Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында экономикалық жағынан да, саяси жағынан да өзіміздің бір екенімізді көрсетуіміз керек", - деді Лукашенко Ақордада үшжақты кездесу барысында. 

Ол бүгінде уақыттың тым қым-қуыт болып кеткенін, жыл сайын бір сын-қатер пайда болатынын айтты. "Қазіргі уақытта да белгілі бір қатерлер бар. Бірақ біз құрған бірлестік, біздің экономикалық одақ осы қысқа уақыт ішінде бұл бастаманы дер кезінде қолға алғанымызды айғақтайды", - деді Беларусь президенті. 

Лукашенко бүгін Ақордада ЕАЭО-ның "ядросы" бас қосып отырғанына тоқталды. "Бұл жерде осы одақтың "ядросы" - оны құрған адамдар мен мемлекеттер, соған көп үлес қосқандар жиналды. Бірақ одақтың басқа да мүшелерінің бар екенін ұмытпауымыз керек, біз одақты о баста құрған мемлекеттер ретінде оларға келешектегі оқиғалардың өрбу жолдарын ұсынуымыз керек", - деді Лукашенко. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай