27 ақпан 2015 10:50

Лукашенко Мәсімов пен Шөкеевті Достық орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Лукашенко. ©president.gov.by Александр Лукашенко. ©president.gov.by

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевті Достық орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі белорус басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Лукашенко бұл награданы Мәсімов пен Шөкеевке Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты әзірлеуге, интеграциялық процестерді кеңейтуге және Беларусь, Ресей және Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріп отыр. 

Сонымен бірге, Беларусь басшысы Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов пен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичті де осы орденмен марапаттады.  

Ал РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинге Беларусьтің Құрмет ордені табыс етілді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети