07 қазан 2014 10:30

Лукашенко Ресейге неге қарсы шықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Беларусь Республикасы Украинаны мемлекет ретінде бүлінуін қаламайды және РФ сыртқы істер министрлігі "Новороссия" деп атап жүрген жобаны мойындамайды. Өткен сенбіде Euronews-ке берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенконың осы айтқанын орыс ұлтшылдары Путиннің жағынан салып жібергенмен бірдей әрекет деп бағалады. Өз кезегінде "Алаш айнасы" бұл мәлімдеменің одақтас елдер (Кеден одағына мүше мемлекеттер) арасына қалай әсер ететіндігін мамандардан біліп көруге тырысты...


Беларусь Республикасы Украинаны мемлекет ретінде бүлінуін қаламайды және РФ сыртқы істер министрлігі "Новороссия" деп атап жүрген жобаны мойындамайды. Өткен сенбіде Euronews-ке берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенконың осы айтқанын орыс ұлтшылдары Путиннің жағынан салып жібергенмен бірдей әрекет деп бағалады. Өз кезегінде "Алаш айнасы" бұл мәлімдеменің одақтас елдер (Кеден одағына мүше мемлекеттер) арасына қалай әсер ететіндігін мамандардан біліп көруге тырысты...

Лукашенко Еуропаның ақпарат агенттігіне берген сұхбатында өзіне тән мінезіне сай тік сөйледі: "Біз Украина мемлекетінің бүлінгенін қаламаймыз. Мұндағылар кезінде Қырым Украинаға байқаусызда беріліп қойған, әйтпесе бұл орыстың ата жұрты деген секілдіні алға тартады. Бұл мәселені қарастырудың дұрыс жолы емес. Өйтетін болсақ, онда Бату ханның, моңғол-татар кезеңіне қайтып барайық. Ондайда Қазақстанға Моңғолияны, Ресейдің, Батыс Еуропаның, Шығыс Еуропаның бірталай жерін қайтарып беру керек болады, әрине Белорустан басқасын. Олардың аяғы біздің де жерге тиген, бірақ бізге тиіспепті. Сондықтан өткенге қайтадан оралудың не қажеті бар?.."

Беларусь Республикасының президентінің айтуынша, олар әу, бастан-ақ "Новороссия" сынды жобаны мақұлдамаған. Өйткені Беларусь Украинаның көршісі, сондықтан оларға жақын маңда шиеленісті аймақтың болуы қажет емес.

"Мен Украина мемлекетінің бүтіндігі мен біртұтастығын қолдаймын. Қалай дегенмен де Приднестровья, Таулы Қарабах сынды шиеленісті аумақтарда әрдайым қауіп-қатер бомбасы жасырулы жатады. Мен мұны адам ретінде әрі Беларусь Республикасының президенті ретінде қаламаймын, өйткені біз Украинаға өте жақын орналасқанбыз" дейді Лукашенко.

Сондай-ақ Лукашенко өз сұхбатында Украина билігінің кінәсі барын да меңзеді. "Мен, мысалы америкалықтар көп тұратын Мексиканың солтүстігіне біреулер баста-көктеп кірсе, не болар еді деп кейде ойлаймын? Әрине, АҚШ бұған қарсы шұғыл үдере бас көтеріп, әскери тұрғыда қолдау да көрсетер еді. Тура осылай Ресей Қырымға енді. Неге әлеуеті зор Ресей Қырымның орыстілді халқын қорғауға араласуы керек болды? Бұған неге жол берілді? Әрине, оған украин билігі жол берді" дейді өз сұхбатында Лукашенко. Сондай-ақ ол батыс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Донбасс пен Луганскідегі іштен шыққан бүлікшілерді де іреп салды.

Бұған өз кезегінде Донбастағы өз-өзін халықтық-азат етуші қозғалыс деп атайтындар үдере бас көтеріп, "Лукашенко өз мәлімдемесі арқылы бүгіндері батыстың қатты қысымына ұшырап отырған өзінің одақтасына, Владимир Путинге сатқындық жасады" деп мәлімдеуде. Ал Ресейдегі ұлт патриоттары Лукашенконың бұл мәлімдемесін...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети